384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық жүзден астам көп балалы ана Арыс халқына қол ұшын созды

  • 183
  • UPD: 23:31, 27.06.2019
Ақтаулық жүзден астам көп балалы ана Арыс халқына қол ұшын созды

Олар қоғамдық қормен бірлесе көмекке зәру отбасылар үшін қаражат пен бірінші кезекте тұтынуға қажет тауарларды жинап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбір жанұя қаржы аударымын жасаса, тағы бірі жиылған бұйымдарды буып-түюге кіріскен. Жуынуға арналған заттар, ойыншықтар мен киім-кешек өз алдына бөлек жол сөмкеге салынады. Олардың оңтүстіктегі өңірге жетуіне ерікті жастар жауапты.

Айта кетейік, осы өңірден гуманитарлық жүк тиелген алғашқы пойыз Түркістан облысына жіберілді.

Бибігүл Бердібаева, қала тұрғыны:

– Арыс қаласында болып жатқан жағдайды естіп, қарап отыра алмай осы қорға көмектесуге келдік. Мына киімдерді жинасуға, қаржылай көмекпен өзіміздің қол ұшымызды тигізуге келіп отырмын.

Иман Досмұхамбетов, қоғамдық қор директоры:

– Жиналған киім-кешекті буып-түюге отыздан астам отбасы көмекке келді. Жол сөмкеге салынған бұйымдарды осы сенбіде теміржолмен жіберуді жоспарлап отырмыз. Көптеген жанұя біздің қордың есепшотына ақша аударды. Арыстағы ағайынға көмектесуге дайын азаматтар қатары сағат сайын өсіп келеді.

Хабар 24 телеарнасы