384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық полицейлер Арысқа 5 млн теңгеден астам қаржылай көмек көрсетті

  • 179
  • UPD: 23:32, 27.06.2019

Бұл қаражатты тек облыстық Полиция департаментінің жеке құрамы өздерінің бір күндік жалақыларынан жинаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар Арыс қаласынан Бурабай мен Зерендіге демалуға келетін балалардың қауіпсіздігін тікелей өз бақылауымызға аламыз деп отыр.

Айта кетейік, бүгінде аймақтағы тәртіп сақшыларының сапында 3 мыңға жуық қызметкер бар. Қайырымдылықтан ардагер полицейлер де тыс қалмапты. Олар да 500 мың теңгеден астам қаражатты арнайы есепшотқа аударған.

Асан Әубәкіров, облыстық ПД кадрлық саясат басқармасының инспекторы:

– Алдағы уақытта біздің аудандық құрылымдарда да осы жұмыс қолға алынып жатыр. Әрбір қызметкер шын жүректен көмек көрсетуге ниет білдіріп отыр. Осы жұмыс ары қарай жалғасып, қосымша да қаражат аударылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы