389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласының тұрғындары бүгін таңғы сегізде қалаға кіргізіледі

  • 387
  • UPD: 09:25, 28.06.2019

Арыс қаласының тұрғындары бүгін таңғы 08:00-де қалаға кіргізіледі. Бұл туралы Түркістан облысыныі әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеген болатын.

Өңір басшысы сондай-ақ Арыс қаласы мен әскери қоймада оқ-дәрілерді тазалау және қаланы дезинфекциялау шаралары аяқталғанын, қауіп бұлты толық сейілгенін де айтқан болатын. Арыстықтар Шымкенттегі 54 қабылдау бекетінен арнайы қойылған автобустармен, өз елді мекендеріне қарай жолға жиналды. 

Халықтың көңіл-күйі қалай?

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Таңғы алтыдан буып-түйінген Арыстықтар өз үйімізге, туған өлкемізге аман-есен баратын болдық деп жақсы көңіл күйде жүр. Оларға студент жастардан құралған еріктілер көмек көрсетуде. Бұл жастар оқиға орын алған алғашқы күннен халықпен бірге келеді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің жатақханасында орналасқан эвакуциялық бекетінде 300 ден астам азамат осы жерді паналаған болатын. Оларға мұнда барлық жағдай жасалды. Оны өзімізде бірнеше мәрте көзбен көріп, осындағы тұрғындармен тілдескенде байқадық. Қазір олар 3 автобусқа отырар алдында, өздеріне қол ұшын созған барлық Қазақстандықтарға алғыстарын жаудырып жатыр. Еріктілердің де еңбегін ерекше атап жатқандар бар. Менің қасымда сол ерікті жастардың жетекшісі Мағжан Исахов тұр.

Мағжан апта бойы жастарға артылған жүк аз болған жоқ. Жалпы осы қабылдау бекеттеріне қанша ерікті тартылды?

Мағжан Исахов, М.Әуезов атындағы оқму жастар орталығының директоры:

Арыс қаласының тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсету жөнінде штаб құрылған. Қайырымдылық акциясы аясында халыққа қажетті жалпы көлемі 150 тонна зат жиналды. Енді осының барлығы Арыстықтарға жеткізіліп беріледі. Мемлекет тарапынан да қаржылай қолдау болады. Алдағы уақытта мұндай көмектің бәрі ел игілігі үшін жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы