384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстық 200 бала Ақтөбе облысының лагерінде демалады

  • 152
  • UPD: 08:17, 28.06.2019
Арыстық 200 бала Ақтөбе облысының лагерінде демалады

Арыстық 200 бала Ақтөбе облысының лагерьлерінде тегін демалады.

Оларды шілде және тамыз айларында қабылдау бекітілген. Әрі жеткіншектерді жергілікті педагогтардың өздері барып алып келеді және тынығу маусымы аяқталған соң, қайта үйлеріне жеткізетін болады. Қазір ақтөбелік білім басқармасының өкілдері түркістандық әріптестерімен байланыс орнатқан. Бұл «Арыс. Біз біргеміз» акциясы аясындағы көмектің бірі. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету өңірдегі мектептерде де жалғасуда. 

Ләззат Оразбаева, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Барлық мектептер, балабақшалар, қосымша білім беру мекемелері сол сияқты колледждер өздерінің бір күндік қаражаттарын аударуда. Кеше білім басқармасы және білім басқармасына қарасты 30 организациядан 12 млн 800 мың теңгеге жуық қаражатты біз аударып бастадық. Сол сияқты жекелеген мектептер киімдер мен гигиеналывқ заттармен, азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында жинақтап жіберіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы