389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


1 жылдан астам уақыт бойы жансақтау бөлімінде жатқан бөбекке операция жасалды

  • 383
  • UPD: 09:51, 28.06.2019
1 жылдан астам уақыт бойы жансақтау бөлімінде жатқан бөбекке операция жасалды

Ертіс өңірі дәрігерлерінің біліктілігінің арқасында 400 күннен астам жансақтау бөлімінде жатқан кішкентай Кәрім аман қалды.

1,5 жасар бала мойын омыртқасының жарақатын алған болатын. Ол өмірінің басым бөлігін жасанды демалу аппаратының көмегімен ауруханада өткізді. Бұл туралы еліміздің түкпір-түкпірінен келген нейрохирургтердің республикалық конференциясында мәлім болды. Маңызды шара Павлодар қаласының бірінші ауруханасының базасында өтті. Конференция барысында адамның негізгі омыртқа бөлігіне азинвазивті операция жасалды. Бірегей әрі жоғары технологиялы хирургиялық әрекет бұрын-соңды өткізілмеген. Тәжірибе алмасу барысында отандық мамандар омыртқаның туа біткен және жүре пайда болған патологияларды емдеу әдістері талқыланды. Сала мамандарының айтуынша, соңғы жылдары нейрохирургия саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінде бұл салада ауыз толтырып айтарлық жетістіктер бар. Солардың бірі Кәрімге жасалған операция. Еске салсақ, Кәрім Тәңірбергенов жекеменшік мануальді терапевттің қабылдауынан кейін жансақтау бөліміне түсті. Оның екі мойын омыртқасы сынған. Елордалық дәрігерлердің айтуныша, осы тектес операциялар әлемде бұрын-соңды жасалмаған. Бұл күрделі операция Нұр-Сұлтанда өтетін балалар нейрохирургтерінің еуразиялық конгресінде қызу талқылануы мүмкін. Бұл шараға дүние жүзінің 50-ден астам маманы қатыспақ.

Талғат Керімбаев, ҚР Ұлттық нейрохирургия орталығы жұлын нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі:

- Баланың  жағдайы жақсарды. Қол-аяғын қозғалта бастады. Ағзасында оң өзгерістер байқалады. Сәби 400 күннен астам уақыт ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатты. Жергілікті нейрохирургтердің тәжірибесінің арқасында баланың денсаулығы тұрақталып, бірегей операция жасауға мүмкіндік туды. Ендігі мақсатымыз ұзақ мерзімді оңалтудан өткізу.

Хабар 24 телеарнасы