384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалықтар Арыстағы ағайынға қол ұшын созды

  • 119
  • UPD: 10:01, 28.06.2019
Қызылордалықтар Арыстағы ағайынға қол ұшын созды

Түркістан облысының Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалына қарасты барлық аумақтық филиалдарының ғимараттарында қабылдау бекеттері ашылған.

Бұл жерлерде 24 сағат бойы жергілікті тұрғындар тарапынан гуманитарлық көмекке қажетті киім-кешек, азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар қабылданып жатыр. Оның алғашқы легі көршілес өңірге жеткізілді. Сондай-ақ партия белсенділері мен облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері бір күндік жалақысын арыстықтарға көмек беру мақсатында ашылған арнайы есепшотқа аударған. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары да игі шарадан шет қалған жоқ. ​

Индира Маханбаева, қала тұрғыны:

- Балаларымыздың жанашырлығымен, өзіміздің ата-аналардың жанашырлығын көрсеткіміз келіп тұр. Осы жерде көмек ретінде, сол жақтағы кішкентай балаларды, олар аман болса екен, осы елімізде әрқашан тыныштық болса екен, бейбітшілік болса екен деп, әрі қарай тілейміз.

Диана Кәміл, оқушы:

- Арыста болып жатқан оқиға барлығымызды толғандырды және де осындай көмек қолын көрсету үшін біз осы жұмысқа атсалысып жатырмыз. Және де Назарбаев зияткерлік мектебі әрқашан осындай жұмыстарға көмектесуге әрдайым дайын және де барлық қазақстандықтарды осы жұмысқа атсалысуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы