384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Несиені өтеу туралы шешім банктер жауапкершілігін арттырады

  • 231
  • UPD: 11:16, 28.06.2019
Несиені өтеу туралы шешім банктер жауапкершілігін арттырады

Қазақстан экономикасында әлеуметік–экономикалық саясаттың басымдылығы зор.

Тұрмысы төмен отбасылардың несиелерін кешіру туралы Президент жарлығы соның тағы бір дәлелі.  Мемлекет басшысының бұл шешімі, осы сегменттегі қордаланған мәселені жеңілдетуге және болашақта мұндай мәселелердің  алдын алуға көмектеседі дейді, Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторы Ақнұр Жидебекқызы. 

Ақнұр Жидебекқызы,  PHD докторы:

- Әлеуметтік әлсіз топқа дәл қазіргі таңда шынымен де көмек керек. Олардың осы борыштық жүктемесін азайтып, оларға осындай бір реттік, осындай көмек көрсетсек, бұл әлеуметтік жағынан да біздің саясатымыздың оң екендігін көрсетеді, ал екінші жағынан болашақта банктердің де жауапкершілігін арттырады.  Әрине бұл жерде ең басты мәселе, дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Себебі халықтың арасында барлығымыздың несиемізді мемлекет қайтарады екен. Не болмаса, қазір несие алсақ, болашақта да өстіп банктер, мемлекет жауып бере салады ма деген ой қалыптаспау керек.

Хабар 24 телеарнасы