389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейліктер азаматтардың несие қарызын өтеу туралы шешімге ризашылық білдірді

  • 255
  • UPD: 11:22, 28.06.2019
Семейліктер азаматтардың несие қарызын өтеу туралы шешімге ризашылық білдірді

Семейліктер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік жағдайы төмен қазақстандықтардың қордаланып қалған қарызын жабу туралы шешіміне ризашылығын білдірді.

Тұрғындардың айтуынша, бұл көп балалы, асыраушысынан айырылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың басындағы қиындықты біржолата шешуге ықпал етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен осы санаттағы азаматтардың несиесін Үкімет өтейді.

- Кеше кешке инстаграм арқылы осы жаңалықты көрген болатынмын. Өте қуаныштымын. Біздің Президентіміз өте жақсы жағдай жасады. Қазақ елімізге, Қазақстан елімізге жақсы. Өйткені қарапайым адамдар кердеитсіз қмір сүре алмайды.  300 мың теңгеге дейін жабады деді.

- Елге көмек, үлкен көмек. Бала-шағалары көп адамдырға. Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмегін мен өзім дұрыс деп қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы