384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдан Арыс халқына арналған тағы бір көмек керуені аттанбақ

  • 135
  • UPD: 12:24, 28.06.2019
Оралдан Арыс халқына арналған тағы бір көмек керуені аттанбақ

Оралда Арыстағы ағайынға қолдау білдіру мақсатында тағы бір көмек керуені жолға шықпақ.

Қайырымдылық істі жергілікті кәсіпкерлер мен орталық мешіт ұжымы бірлесіп ұйымдастырған.  Қала тұрғындары мешіт жанында тұрған 20 тонналық жүк көлігіне азық-түлік пен киім-кешектерін әкеліп тапсыруда. Айта кету керек, бұған дейін де аймақтан гуманитарлық жүк тиеген қайырымдылық керуені Арысқа жөнелтілген болатын. Облыс аумағында үйлестіру штабы құрылды. Қаланың 3 жерінде көмек ретінде әкелінген заттарды қабылдайтын гуманитарлық қосындар ашылды. 

Әдият Сыдықов, кәсіпкер:

- Жүк машинамызды халық сенсін деп осы мешіт алдына әкеліп қойдық, бізді қолдады мешіттің бас имамдары. Орал қаласы халқы өте жақсы қолдап жатыр. Осы жерде қазағы бар, орыс әжелерге дейін келіп жатыр. «Бізге машина беріңіз, осы жерге үйден әкеліп салғымыз келеді, қол ұшын бергіміз келеді» деп.   

Азат Қаратай, облыстық дін істері басқармасының бас маманы:

- Діни бірлестіктер өкілдері, соның ішінде нақтырақ айтар болсақ  ҚМДБ БҚО бойынша өкілдігінің қолдауымен жергілікті мешіт жамағатының ұйымдастыруымен осы қайырымдылық шара жүзеге асып жатыр. Енді Арыс халқына қайғыра көңіл айтамыз, енді осындай игі шаралардың көп болғаны дұрыс әрине.

Хабар 24 телеарнасы