389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттегі 10 эвакуациялық бекеттен арыстықтар кешке дейін үйге оралады

  • 294
  • UPD: 12:47, 28.06.2019

Шымкенттегі 59 эвакуациялық бекеттің 49-нан адамдар толығымен Арыс қаласына аттанса, тек 10 қабылдау бекетіндегі халық кешке дейін үйлеріне жетеді.

Таңғы сағат алтыдан тұрып жүгін жинап, буынып түйінген Арыстықтар өз үйімізге аман-есен баратын болдық деп қуанып отыр. Олар арнайы автобуспен тоғыз жолдың торабы саналатын шағын шаһарға бет алды. Жалпы, 135 автобус халықты тасымалдау жұмыстарымен айналысып жатыр. Сонымен қатар Арыс тұрғындарын шығарып салуға еріктілер көмектесті. Айта кетейік, Шымшаһардағы бекеттерде мыңнан аса ерікті жастар тәулік бойына зардап шеккендерге қол ұшын созды. Алдағы уақытта бұлар қаланың дамуына, оның құрылыс жұмыстарына үлес қоссақ деген ниетте. Жалпы, 135 автобус тасып жатыр.

Роза Жұманова, Арыс қаласының тұрғыны:

- Мына барлық халықтар бүгін тарқап жатыр. Алда Үкіметтен күтетініміз жақсылық. Әйтеуір баспанамызды орнына келтіріп берсе екен. Әйтеуір бала-шағамыз шырылдап жолда қалмай көшеде қаңғып кетпесе екен дейміз. Халқымызға рахмет айтамын. Біз қашқан кезде паналатты. Қолдан келген көмегін аяған жоқ. Бар жағдайымызды жасады.

Мағжан Исахов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастар орталығының директоры:

- Барлық халыққа қолымыздан келгенше жағдай жасадық. Дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен сумен киім-кешекпен қамтамасыз еттік. Одан бөлек Арыстық жастарға концерттік бағдарлама ұйымдастырдық. Кішкентай бүлдіршіндерді арнайы ойын сауықтыру орнына алып барып, кинокөрсетілім ұйымдастырдық. Енді Арыс қаласына еріктілердің көмегі керек болатын болса құрылыс жағынан біз оғанда дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы