384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кредит бойынша қарызды өтеу қаржылық ұйымдардың мәселесін шешеді

  • 136
  • UPD: 13:32, 28.06.2019
Кредит бойынша қарызды өтеу қаржылық ұйымдардың мәселесін шешеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамның әлжуаз топтарының несиесін бір рет кешіру туралы жарлығы тұрмысы төмен отбасылармен қатар қаржылық ұйымдардың да біраз мәселесін шешуге мүмкіндік береді дейді саясаттанушы Айдос Сарым.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Менің ойымша біраздан бері жүргізіліп жатқан Қазақстандағы әл-ауқаты төмен категориялы азаматтарға көмек беру саясатының жалғасы. Және заңды логикасының жалғасы деп айтуға болады. Егер экономикалық белсенді дейтін азаматтарды алып қарасақ олардың ішіндегі күнде еңбектеніп жүрген, тұрақты жалақылары бар адамдар үшін несие-кредит төлеу жеңіл болса, ал үйде отырған, мүгедек азаматтарға, көпбалалы азамат пен азаматшаға бұл қиын мәселе болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы