384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылықтар Арыс халқына тағы екі керуен көмек жөнелтті

  • 147
  • UPD: 14:15, 28.06.2019
Алматылықтар Арыс халқына тағы екі керуен көмек жөнелтті

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы тағы екі жүк көлігімен қажетті заттарды жөнелтті.

Оның бірі азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар болса, екіншісі құрылыс заттары. Бұлар қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің көмегімен жиналған. Айта кетейік, осыған дейін партия мүшелері өздерінің бір күндік жалақыларын аударып, бірнеше жүк көлігіне тиелген құрылыс заттарын Алматыдан Арыс қаласына жөнелткен еді. Сондай-ақ, 50 су тазалайтын құрылғы да көмекке зәру арыстықтарға жіберілді. Енді партияның бастауыш ұйымдары да ортақ шарадан тыс қалмай, өздерінің бір күндік жалақыларын аудармақ. Алматыда 700-дан  астам бастауыш партия бөлімшесі бар. 

Арман Қалбек, Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

- 100 миллионға жуық қаражат жиналды Алматы қаласының өзінен. 000314 Арыстағы тұрғындарға 100 палатка жібердік. Құрылысқа қажетті 7-8 КамАЗ құрылыс заттарын жіберген болатынбыз. Және де тұрмыстық қажеттілікке байланыстьы азық түлік және киім кешектер, кішкене балаларға киімдер бар. Басқалай заттар, тағамдар бар барлығын жөнелтіп жатырмыз. Алматылықтардың белсенділігі өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы