389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудан Арысқа гуманитарлық жүк тиелген алғашқы пойыз жөнелтілді

  • 276
  • UPD: 14:20, 28.06.2019
Ақтаудан Арысқа гуманитарлық жүк тиелген алғашқы пойыз жөнелтілді

5 тонна азық-түлік, киім-кешек пен дәрі-дәрмек екі күннен соң көмекке мұқтаж азаматтарға жетеді.

Бұл жүктерді аймақ жастары жарылыстан зардап шеккен ағайынға қолұшын беру мақсатында ірі сауда нүктелерін, базарларды аралап, жинаған болатын. Ұзақ сақталатын тағамдар, аса қажетті дәрілер мен жаңа киімдер және көрпе-жастықты кәсіпкерлер тегін берген. Гуманитарлық көмекті жастардан өзге, «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері мен жекелеген ерікті азаматтар да арнайы нүкте ашып, жинап жатыр. Олар алдағы күндері еліміздің оңтүстігіне жіберіледі. Жалпы, «Арыс, біз біргеміз» шарасына маңғыстаулықтар белсене қатысып жатыр. Мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, мұғалімдер, қоғамдық ұйым өкілдері мен кәсіпкерлер қаржылай да көмек көрсетіп, жәрдемдесу есепшотына 40 миллион теңге аударды.

Динара Қаймолдина, «Nur Otan» партиясы филиалының  өкілі:

- Қазіргі таңда жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созуға аймақ тұрғындары белсене атсалысуда. Әлеуметтік желілер мен ватсаптарда арнайы чаттар ашылып, белсенді жастар мен кәсіпкерлер қаражаттар жинауда. Арыс Маңғыстау облысына алыстау болғандықтан көбнесе заттай көмекке қарағанда қаржылай көмек көрсетіп жатырмыз.

Абылай Фазылбек, жастар ресурстық орталығының директоры:

- Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты тез арада шешім қабылдап, аудан, қалалардағы жастар ресурстық орталықтары жанынан гуманитарлық көмек жинайтын пункттер ашылды. Сол пунктке кәсіпкерлер, белсенді жастар, ауыл, қала тұрғындары көмек әкелуде. Әлі де көмектесеміз дегендер көп. Әкеліп жатыр. Олардың бәрі жиналған соң тағы да жөнелтетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы