388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

  • 309
  • UPD: 16:23, 28.06.2019

Үздік журналистер марапатталды. Мәжіліс төрағасы  Нұрлан Нығматулин бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Парламент сөзі» сыйлығын табыс етті.

Арнайы марапатқа заң шығару қызметін теледидар, мерзімдік баспасөз беттерінде, ақпараттық агенттіктер мен радиода үздік жазып, көрсеткендер ие болды. Мәжіліс төрағасы парламент жұмысын насихаттауға еңбек сіңірген тілшілер қауымына барлық депутаттардың атынан алғысын білдірді. Жүлдеге ие болғандардың қатарында біздің әріптестеріміз де бар. «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Гүлнара Ерманова «Арнайы репортаж», ал «Хабар» телеарнасының тілшісі Ирина Камышова «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясы бойынша  лауреат атанды.

Хабар 24 телеарнасы