389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалықтар Арысқа құрылыс материалдарын жөнелтеді

  • 587
  • UPD: 15:26, 28.06.2019
Қызылордалықтар Арысқа құрылыс материалдарын жөнелтеді

Арыстағы төтенше жағдайдың шығыны мен зардабын жою үшін облыс әкімдігі тарапынан құрылған арнайы қорға 800 млн теңгеден астам қаржы жиналды.

Бұл қомақты қаражатты тұрғындар мен кәсіпкерлер, меценаттар халыққа жәрдем ретінде берген. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы да Арыстықтарға 663 тонна зат пен 557,919 миллион теңге қаражат жинаған. Әлі де болса еліміздің барлық аймағынан гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Осыған дейін барлық тауарлар мен түрлі заттар Шымкенттегі қоймаға жинақталып, енді бүгіннен бастап тәулік бойына Арыс қаласына тасымалдануда. Осы уақытқа дейін Арысқа 100 тоннадан астам гуманитарлық жүк әкелінді. Штаб мүшелері оларды сұрыптап, əр отбасыға ең қажетті деген азық-түліктер мен гигиеналық заттарды бөліп береді. 

Ержан Байтілес, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

- Қызылорда облысы Сыр бойында жатқан Ақмешіт атырабындағы ағайындарда Арыстағы бауырларына көмектесуге ниетті екендігін білдіріп, 1 күннің ішінде 15 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық яғни гречка, одан бөлек дәрі-дәрмек киім-кешек секілді заттарды алып осында алып келіп өткізіп тұрмыз. Бұданда бөлек құрылыс материалдары, бұдан да басқа гуманитарлық көмектерді алып келетін боламыз. Біз Арыспен біргеміз.

Хабар 24 телеарнасы