389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО кәсіпорындары Арыста жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын

  • 259
  • UPD: 15:16, 28.06.2019
БҚО кәсіпорындары Арыста жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайын

Батыс Қазақстан облысындағы өндірістік кәсіпорындар Арыста құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайын.

Арыс қаласының шартты түрде 17 бөлікке бөлінгені мәлім. Оралдықтар 11-секторда жұмыс істейді.  Қазір жарылыс зардаптарын есептеу мақсатында құрылған комиссия мүшелері осы аумақтағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың жағдайын тексеріп жатыр. Көптеген үйлердің есік-терезелері сынып, шатырлары қираған. Атқарылатын  жұмыстардың нақты көлемі анықталған кезде аймақтан құрылыс жасақтары аттанады,- дейді мамандар.        

Ақжол Охасов,  облыстық құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

- Орал мен Арыс қаласының арасы 2000 км болса да біздің құрылыс мекемелері мен құрылыс комбинаттарының Арысқа көмек ретінде өзінің материалдарын жіберуге дайын. Оның арасында атап өтетініміз құрылыс материадарының ішіндегі силикатный кірпіш, 2 бізде домостроительный комбинатымыз бар. Әйнек шығаратын, профлистіміз бар, соның бәрін жіберуге біздің мекемелеріміз дайын.

Хабар 24 телеарнасы