384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстық 500 бала елордаға келіп тынығады

  • 161
  • UPD: 22:45, 28.06.2019

Алғашқы 200 жеткіншек бүгін ертең қалаға жеткізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Нұр-Сұлтан қаласының көрнекті жерлерін аралап, мәдени-ойын-сауық бағдарламаларын тамашалайды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов айтты. Жалпы, Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты елордада 5 арнайы пункт ашылды. Кәсіпкерлер мен тұрғындар 3 күн ішінде 160 тонна азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар жинап берген. Оңтүстікке гуманитарлық көмек тиген 8 жүк көлігі кетті. Барлығы 10 көлік Арыстағы ағайынға көмек жеткізеді.

Бас қаланың мекемелері мен кәсіпорындарының ұжымдары бір күндік жалақыларын арнайы қорға аударған. Қайырымды жандардан 200 млн теңге қаржы жиналған. Ең бастысы, елорданың құрылыс компаниялары Арыс қаласындағы үйлерді күрделі жөндеуге көмектеседі.

Хабар 24 телеарнасы