384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстаулық аналар Арыстағы балаларға мектеп формасы мен оқу құралдарын жөнелтпек

  • 183
  • UPD: 22:45, 28.06.2019

Ақтаудағы ассамблея жанынан құрылған аймақтық аналар кеңесіне жүзден астам отбасы мүше, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар оңтүстіктегі көмекке зәру жанұялар үшін бірнеше күннен бері киім-кешек пен азық-түлік жинап жатыр. Алда оқу мезгілінің жақындап қалуына орай бірінші кезекте балалардың сабақ киімі мен портфеліне салынатын оқу құралдары түгенделуде.

Зульфия Бернеева, облыстық ҚХА аналар кеңесінің төрайымы:

– Аналар кеңесіне мүше отбасылар ақша аударуға бірауыздан келісімін берді. Жиылған гуманитарлық жүктің дені – балалардың сабақ киімдері мен оқу құралдар. Оларды келер апта ішінде Арыс қаласына жөнелтуге дайындық жүріп жатыр. Өзіміз секілді аналарды қайырымдылық іске бір кісідей атсалысуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы