389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтардың 80 проценті үйлеріне оралды

  • 342
  • UPD: 22:43, 28.06.2019

Таңертеңнен бері эвакуациалық бекеттерде автобустар ұйымдастырылып, қала қақпасы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Жұрт емін-еркін кіріп шығып жүр. Осы сәтте тұрғындарға азық-түлік жеткізіп беру шаралары жүріп жатыр.

Халық үйлеріне оралып жатыр. Таңертеңгідей көп мөлшерде болмаса да, шетінен кіріп жатыр. Бұл – қаланың негізгі көшелерінің бірі. Қалада ары-бері көлікпен шапқылап жүрген адамдарды көруге болады. Бұл, әрине, қалып жағдай. Ал өз үйі, ошақ қасына оралған жұрт үйлерін тазартып, анша-мұнша қолдан келетін шаруаларын өздері қалыпқа келтіруде.

Жалпы, бұл жұмыстардың жоспары нақтыланған. Қала 17 секторға бөлініп, әр секторға бір облыс бектілді. Яғни Арысты қалыпқа келтіруге аймақтар атсалысып жатыр. Бір ғана Жамбыл облысынан 200 құрылысшы тартылған. Олар жұмысқа сақадай сай. Әулиеаталықтар Арыстағы көпірдің сол жақ бетіндегі жеке тұрғын үйлерді қалыпқа келтіріп береді. Яғни 3-сектордағы 327 үйді жөндеп береді. Қазір алдымен келген шығындарды есептеп жатыр. Қазір сынған әйнек, зақымданған үйдің шатыры, қоршаулары, есік-терезелерінің көлемі, мөлшері, жалпы санақ жүріп жатыр. Жауапты мамандар тұрғындарға үйлеріндегі дүние-мүлкін шығарып, құрылыс жұмыстарына дайындап қою қажет екендігін ескертуде. Сонымен қатар мүлдем қалыпқа келтіруге жарамайтын, жарамсыз болып қалған үйлер мен қожайындары тіркеліп жатыр. Олар уақытша баспанамен қамтылады. Бұл бағытта колледж, мектеп, спорт залдары, жатақхана пайдаланылады. Қазір құрылыс материалдары еліміздің барлық өңірлерінен жеткізіліп жатыр. Қала аумағында әр өңірдің өз штабы құрылған. Ал халық алдағы бірнеше күн бойы қажетті азық-түліктер, сумен қамтамасыз етіледі.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы