384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Достық үйлерінде арыстық балаларды қолдауға арналған акция өтті

  • 420
  • UPD: 22:43, 28.06.2019

«Арыс балаларына».

Бүгін ел аймақтарындағы Достық үйлерінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Арыс қаласының балаларын қолдауға арналған акция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Ұйымдастырушылар балаларға қажетті заттар, ойыншықтар, оқу құралдарын жинау туралы бастама көтеріп, кәсіпкерлерді Арыстағы үйлер мен балабақшаларды қалпына келтіруге көмектесуге шақырды.

Нұрия Ниязова, қалалық ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:

– Аналар кеңесі атынан кеше түнде 13 тонна қажетті заттар тиелген керуен жолға шықты. Онда тазалық заттары, азық-түлік, су бар. Ақшалай да көмек жіберілді. Заттарды жинауға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер көмектесті.

Хабар 24 телеарнасы