389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі кітапханада коворкинг орталығы ашылды

  • 368
  • UPD: 22:41, 28.06.2019
Семейдегі кітапханада коворкинг орталығы ашылды

Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы кітапханада коворкинг орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда жанға жайлы демалыс үшін барлық жағдай жасалған. Жайғасып отырып жұмыс істеуге қолайлы жиһаз, ғаламтор желісі, қысқасы, қажеттінің бәрі бар. Кәсіби мереке күні арнайы шақырылған журналистер коворкинг орталығының барлық мүмкіндіктерімен іс жүзінде танысты. Жоғары оқу орны ректорының құттықтауын қабылдаған БАҚ өкілдері осы салада оқып жатқан жастармен еркін сұхбат алмасты.

Марат Әбдікәрімов, Шәкәрім атындағы университет ректоры кеңсесінің жетекшісі:

– Қаламыздың жастарына, тұрғындарына арнайы, жаңа ой тудырып, сол ойды іске асыратын бір кеңселік орталық. Бұл жерде кез келген адамға жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы