384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар форумы өтті

  • 184
  • UPD: 22:39, 28.06.2019

Елордада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының Х директорлар форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Қор мен оның ірі портфельдік компанияларының директорлар кеңесіне кіретін топ-менеджерлер корпоративтік басқару арқылы қосымша құнды арттыру мәселелерін талқылады.

Ұлттың әл-ауқаттын арттырып, болашақ ұрпақ үшін тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейтін қордың атқарған ісі мен алдағы жоспары көп. Бұл жолғы форумда директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру, компанияны басқару моделін жетілдіру және листингтік компаниялармен қарым-қатынастың ерекшелігі жайы айтылды. 

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» басқарма төрағасы:

– Қордың қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша бірқатар шара қабылданды. Қордың топтарының қарызы бір жылдың ішінде 1 трлн теңгеге қысқарды. Сыртқы қарыз 4 млрд долларға азайды. Мерзімі өткен дебиторлық қарыз 80 процентке азайды. 334 млн доллар болса, қазір 66 млрд теңгені құрайды. Әрине, мұның барлығы қаржылық жағдайдың жақсаруына әкелді.

Сонымен қатар қор басшысы трансформация бағдарламасының тиімді түрде жаңарғанын және корпоративтік басқарудың жетілгенін айтты. Былтыр 7 компанияның директорлар кеңесінің құрамы жаңарған. Яғни кеңеске халықаралық жетекші компанияларда еңбек еткен тәжірибелі сарапшылар тартылды. Форумда қордың стратегиясы аясында дамудың 4 негізгі бастамасы айтылды. Олар: қордың табыстылығы, портфель құрылымын жетілдіру, кірісті диверсификациялау және корпоративтік басқару мен тұрақты даму.

Айта кетейік, өткен жылы акционерлердің үлесіне шаққанда таза кіріс 1 трлн 141 млрд теңгені құрады. Бұл 2017 жылдан екі есеге көп.

Хабар 24 телеарнасы