384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 3800 әскери қызметкер баспаналы болмақ

  • 172
  • UPD: 09:43, 29.06.2019

Былтырдан бастап елімізде әскерилерді тұрғын үймен қамту тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Бұрын отан қорғаушылар пәтер алу үшін кезекке тұратын және алдымен олардың қызмет өтілі ескерілетін. Енді тұрғын үй төлеміне деп мемлекеттен бөлінетін қаржыға пәтер жалдаумен қатар ипотекалық несиені жабуға да рұқсат берілді. «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша өткен жылы 38 миллиард теңге игерілсе, биыл 2 мамырдан бастап бұл мақсатқа 60 миллиард жұмсалған. Нәтижесінде елімізде 3800 әскери қызметкер баспаналы болмақшы. Олардың 100-ден астамы Орал өңірінен. Шаһарда аталған бағдарлама бойынша бірінші болып қоныс тойын тойлағанның бірі – Гүлмира Құрманиязова. Ол лазаретте медбике болып еңбек етеді. Екі баланың анасы жыл басында Ақтөбеден жұмыс бабымен Оралға қоныс аударған екен. Енді міне мемлекеттің қолдауы арқасында жайлы пәтерге қолым жетті, - дейді ол.

Гүлмира Құрманиязова, 5517 әскери бөлімнің медициналық қызметкері:

– Біз пәтер жалдап тұратынбыз. Осы бағдарлама туралы естіген бойда пәтер іздедік. 4 мамыр күні өтініш бердік. Көп кешікпей баспанаға қол жетті. Өте қуаныштымыз. Бағдарлама бойынша екінші нарықтан пәтер алуға болады. Сонысымен қолайлы. Себебі жаңа үйлер қанша дегенмен қымбат тұрады. Әрі бұрынғыдай жартысын емес, 15% жинаса жеткілікті.

Хабар 24 телеарнасы