384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық қиял туралы қазақстандықтардың пікірі қандай

  • 110
Америкалық қиял туралы қазақстандықтардың пікірі қандай

Алғаш рет АҚШ-қа келген қазақстандықтардың көбісінде шетелдегі тұрмыс туралы көзқарасы өзгереді.

Келімсектердің басым көпшілігі үшін америкалық арманға жету қол жетпейтін қиял екеніне көзі жетеді. АҚШ-қа оқуға немесе тағылымдамаға келген отандастарымыз осындай пікір білдіруде. Олардың айтуынша, Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша Америкадан алда келеді.

Жанара Жақыпова, мемлекеттік қызметкер:

– Нью-Йоркты «Қарама-қайшылықтар қаласы» деп атайды. Расында да солай. Уолл-стритте жұмыс істейтін дәулетті адамды кездестіруіңе болады. Алайда көшеде тұрып, далада қонатын адам да көп. Сондай-ақ біздегідей ортақ мәдениетті көріп тұрған жоқпын. Біз көпұлтты ел болғанымен, өзара құрмет пен байланысымыз мықты. Шынымен халқымыздың мәдениеті, тұрмыстық жағдайы мен әлеуеті жоғары екеніне көзім жетті. Кейде біз осыны бағаламаймыз.

Хабар 24 телеарнасы