389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР БҒМ қамауға алынған министрдің көмекшісіне қатысты түсінік берді

  • 319
ҚР БҒМ қамауға алынған министрдің көмекшісіне қатысты түсінік берді egemen.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі қамауға алынған ведомство басшысының көмекшісіне байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыруда күдікке ілінген Білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының көмекшісі меморганның штаттық санындағы шектеулерге байланысты министрдің көмекшісі ретінде тіркеуде болған. Жауапты хатшының көмекшісіне қатысты біраздан бері тергеу амалдары жүргізілген болатын», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Сонымен қатар ведомство өкілдері ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ешқандай тағайындау немесе жұмыстан босату шараларын жүргізбегенін хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі анықталғанын және ҚР Білім және ғылым министрінің көмекшісі ұсталғанын мәлім еткен болатын. 

Хабар 24 телеарнасы