389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдық аналар Арыстағы ағайынға материалдық көмек жіберді

  • 367
  • UPD: 16:06, 29.06.2019

Петропавлдық аналар да Арыстағы ағайынға материалдық көмек жіберді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған аналар кеңесінің мүшелері жарылыстан зардап шеккен отбасыларға киім-кешек, гигиеналық заттар, балаларға ойыншықтар мен түрлі тәттілер жолдады. Кеңес мүшелері, мұндайда әсіресе балғындарға жан-жақты қолдау көрсету керек, дейді. Қазір еліміздің бірнеше аймағында арыстық балалардың демалуына мүмкіндік жасау жайы қарастырылып жатыр.

Күлімкөз Смаилова, ҚХА СҚОФ жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:

– Тамшыдай болса да, көл болады, дейді ғой. Барлығымыз аз болса да көмегімізді жасап, қиын жағдайға ұшырып жатқан балаларға қолымыздан келгенін жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы