389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде «Арыс, шығыс сенімен бірге» акциясы өтуде

  • 298
  • UPD: 16:07, 29.06.2019

Шығыстағы жұрт та шет қалған жоқ. Облыс орталығы Өскеменде азық-түлік пен киім-кешек қабылдайтын штабтар жасақталған.

Қарапайым халықтан бастап, қалталы кәсіпкерлерге дейін онда күн сайын қал-қадірінше қажетті заттарды жеткізіп жатыр. Ал қала жастары «Арыс, шығыс сенімен бірге» деген акция ұйымдастырды. Шара барысында еріктілер қан тапсырып, содан әр адамға төленетін мың теңгені Арыстағы жұртқа көмек ретінде аударып жатыр. Осылайша олар апаттан зардап шеккен арыстықтарға қол ұшын созып, облыстағы қан қорын толықтыруға да үлестерін қосты. Акцияға алғашқы күннің өзінде 50 адам атсалысты. Олардың қатарында журналистер, әскерилер мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері бар. Жалпы жуық арада осы бастама арқылы 1 миллион теңге қаражат жинау көзделіп отыр. Флеш-моб облыстың өзге өңілерінде де жалғасын таппақ.

Арайлым Есімбекова, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:

– Қан тапсыру орталығы 1 күнде 50 адамды ғана қабылдай алатыны белгілі болды. Сондықтан мың адамды қабылдау үшін әлі 15-20 күн қажет. Дүйсенбіден бастап бұл акция тағы да жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы