389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңге өтемақы беріледі

  • 965
  • UPD: 23:40, 29.06.2019

Премьер-министр Асқар Мамин Арыс қаласына барды. Үкімет басшысы оқыс оқиға кезінде зақымдалған бірақатар әлеуметтік маңызы бар нысандар мен тұрғын үйлерді аралап, көріп шықты.

Жергілікті ақсақалдар және төтенше жағдайды жоюға қатысқан мамандармен кездесіп, алғыс білдірді. Ал сапар соңында Үкіметтік комиссия отырысын өткізіп бірақатар маңызды мәлімдеме жасады.

Үкімет басшысы Арыс қаласына келген бойда мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы және ауруханаларды  аралады. Жарылыстан келген залал мен қираған ғимараттарды көріп шықты. Жергілікті жұртпен кездесіп, мемлекет тарапынан тиісті жәрдем көрсетілетіндігін жеткізді.

- Елбасы тапсырма берді. Президент тапсырма берген. Бір айдың ішінде жұмыстарды атқарып, жаңадан инфрақұрылымды жаңадан жасап  жөндеуден өткіземіз.

Премьер Министр сапарын Үкіметтік комиссияның отырысымен қорытындылады. Жиында әр салаға жауапты министрлерден қазіргі уақытқа дейінгі істелген жұмыстардың есебін алды. Нақты тапсырма беріп, қаланы қалыпқа келтіру және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің 10 кешенді шарасын мәлімдеді.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Қорғаныс министрлігінің қоймаларындағы арсеналды 2 аптаның ішінде көшіру жұмыстары басталады. Барлық үйлер бір айдың ішінде толығымен жөнделеді. Қираған үйлер қайтадан салынады. Бұл үйлер бұрынғыдан да жақсы болады. Арыс қаласындағы үйлер ір жүйемен жөнделеді. Жаңадан аурухана салынады. Арыс қаласындағы тіркелген 44 781 адамға жан басына 100 мың теңге көлемінде өтемақы, компенсация көмек беріледі. Мәселен отбасында 7 адам болса 700 мың теңге. Бұл қаражат 1 айдың ішінде бөлінеді. Самұрық Қазына есебінен 66 әлеуемттік нысан 1 айдың ішінде жөнделеді. Бір айдың ішінде барлық жөндеу жұмыстары өткізілетін болады. Арыс қаласының кәсіпкерлеріне арнайы бір пайыздан аспайтын 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген кредит беріледі. Және оларға жылдың аяғына дейін салық каникулдары берілетін болады. Үкімет тарапынан  барлық қажетті шаралар ұйымдастыралыды. Арыс қаласы тұрғындарына көмек толығымен көрсетіледі. Тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар қаладағы инженерлік-инфрақұрылым, энергиямен жарақтандыру, байланыс желілері бюджет қаражаты есебінен қалпына келтіріледі. Бұдан бөлек, Арыс қаласы 2 жыл ішінде газбен қамтамасыз етіліп,  магистральдік су жүйесі тартылады. Ал 4 мыңнан астам арыстық бала сауықтыру лагерьлеріне жіберіледі. Қала 1 айдың ішінде толықтай қалыпқа келтіріледі.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Ахан Әбілқайыр

Хабар 24 телеарнасы