389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеліктер кредит бойынша борышты өтеу туралы шешімді қолдайды

  • 430
  • UPD: 22:03, 29.06.2019
Ақтөбеліктер кредит бойынша борышты өтеу туралы шешімді қолдайды

Ақтөбеліктер Қасым-Жомарт Тоқаевтың несиені кешіру туралы шешімін қуана қарсы алды.

Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жанды тәрбиелеп отырған және көпбалалы аналар үшін бұл айтарлықтай жеңілдік болады дейді олар. 

- Мұқтаж жандарға, көп балалыларға, жалғызбастыларға, жағдайы жоқтарға көп көмегі болады әрине. Қазір кредиті жоқ адам жоқтың қасы шығар. Бәрімізде де кредит бар. Менің өз басымда да 2-3 кредит бар. Үкімет осы жағынан көмек беретін болса тіптен нұр үстіне нұр болар еді.

- Халыққа қолдау керек кішкене. Өйткені қазір науқас адамдар көбейіп кетті. Төлей алмайды. кредит алады бала-шағасы үшін. Ол кредитке төлейтін ақшасын үнемдер еді. Мектебіне де киімін дұрыстап, қиналмай барар еді балалары. Балалардың алдында басын көтеріп өмір сүрер еді ата-ана.

Хабар 24 телеарнасы