389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да студенттер үйін салуға инвесторлар тартылады

  • 396
  • UPD: 15:24, 30.06.2019
ШҚО-да студенттер үйін салуға инвесторлар тартылады

Шығыс Қазақстан облысында биылдан бастап 2022 жылға дейін 11 жатақхана салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның төртеуі жоғары оқу орындары үшін, ал жетеуі колледждерге тиесілі болмақ. Бүгінге дейін Семей қаласында 2 жатақхана салынып, пайдалануға берілген. Колледж студенттері де баспанасыз қалмайды. Аягөз колледжінің құжаттары шілдеде әзір болмақ. Жатақхананы салуға жеке инвестор қаржысы жұмсалмақ. Бүгінде Дәулет Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университеттің жатақханаға деген сұранысы – 500 орын. Ал Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университет 600 адамға арналған жатақхана салуды көздеп отыр.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры:

– 11 сынып бітірушілер және колледж бітіруші түлектердің саны жыл сайын артып келе жатыр. Сондықтан болашақта, 2-3 жылда студенттердің жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі туындауы мүмкін. Сол мақсатта Елбасының 5 әлеуметтік ұсынысы бойынша, үшінші ұсынысы бойынша  жатақхана салуға кірісіп отырмыз. Бұл жерде 2 нұсқа қарастырылып жатыр. 600 орындық жаңа жатақхана салуға бел буып отырмыз. Және де 250 орындық бар ғимаратты жатақханаға айналдыру мәселесін қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы