389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Еуразия» халықаралық кинофестивалі басталды

  • 412
  • UPD: 21:14, 30.06.2019

Елордада «Еуразия» халықаралық кинофестивалі басталды.

Осымен он бесінші рет ұйымдастырылып отырған фестивальге отандық және шетелдік кино мамандары қатысуда. Арасында танымал актерлар және киногерлер бар. Бір аптаға жалғасатын көрсетілім кезінде көзі қарақты көрермен 12 мың туындыны тамашалай алады. Нақтырақ айтқанда, қазақстандық аудиторияға Қытай, Ресей, Франция, Македония және Италияның шоқтығы биік шығармалары ұсынылады. Қазылар алқасы байқауда 30-дан аса кинотуындының арасынан үздігін таңдайды, - деді. Олар 3 аталым бойынша іріктеледі.  

Хабар 24 телеарнасы