384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда өзенге батып бара жатқан 11 жасар бала құтқарылды

  • 135
  • UPD: 19:45, 30.06.2019
Талдықорғанда өзенге батып бара жатқан 11 жасар бала құтқарылды Казинформ

Талдықорған полицейлері Қаратал өзеніне батып кете жаздаған 11 жастағы жасөспірімді құтқарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 11 жасар Кирилл Князевтің туыстары полицияға дер кезінде хабарласқанының арқасында бала аман қалған. Қазіргі таңда жасөспірім дін аман, туған туыстарының жанында. Нан әкелуге кеткен баласы үйге оралмаған соң Кириллдің анасы бірінші болып уайымдай бастаған. Туыстары баланың заттары мен жаңа сатып алған азық-түлікті Қаратал өзенінің үстінен өтетін көпірдің жанынан тауып алған.  Оқиға орнына шақыртылған полицейлер бірден іздеу шараларына кіріскен. Бала өзеннің ортасынан табылды, күшті ағыс оны жағадан алысқа алып кеткен.  «Біздің патрульдік қызметкерлеріміз Айдар Қарабаланов, Руслан Тезекбаев пен Жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері Нұрбол Меғзам күшті ағысқа қарамастан, екі шақырым жердегі келесі көпірдің маңында батып бара жатқан баланы судан шығарып алды», - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Өз кезегінде Кириллдің туыстары полиция қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

Хабар 24 телеарнасы