389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ауыларалық жолдар жөнделіп жатыр

  • 232
  • UPD: 14:19, 01.07.2019
Қостанай облысында ауыларалық жолдар жөнделіп жатыр

Биыл Қостанай облысы бойынша шамамен 400 шақырым республикалық және өңірлік маңыздағы жолдарды жөндеу жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа 20 миллиард теңге бөлінеді. Оның ішінде ауыларалық ішкі тас жолдарды қалпына келтіруге қомақты қаржы қаралып отыр. Алдағы бір-екі жылда сапалы жолдар ауқымын 68 процентке жеткізу мақсаты тұр. Мысалы, Қарабалық ауданында көптен бері тегістелмеген тас жолдардың басым бөлігі әбден тозған. Биыл бірнеше елді мекен бағытында жөндеу жұмыстары басталды. Және жыл сайын оның көлемін ұлғайта түспек. 

Серік Сырымбетов, Қарабалық аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

– Биыл біз жөндеу жұмыстарымен алғаш рет ауқымды көлемді 28 шақырымды қамтып отырмыз. Смирнов, Ворошилов, Белоглинов ауылдарына апаратын жолдарға жаңадан асфальт төселеді. Келер жылы Қарабалық-Бөрлі бағытындағы 25 шақырым тас жол қалпына келтіріледі. Одан бөлек 8 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу көзделіп отыр. Оның барлығына сараптамалық құжаттар алынған.

Хабар 24 телеарнасы