384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Қостанай облысы үш мың тонна ірі қара етін экспорттамақ

  • 150
  • UPD: 14:26, 01.07.2019
Биыл Қостанай облысы үш мың тонна ірі қара етін экспорттамақ

Оның басым бөлігі бордақылау алаңдарының үлесінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірде қырықтан астам мал семіртетін орын бар. Ең ірісі Қарабалық ауданында орналасқан. Бүгінде мұнда 8 мың бас бағылымда тұр. Жыл аяғына дейін мал санын 20 мыңға жеткізу көзделген. Бұл жоба жүзеге асқанда айына 3 мың бас шет елдерге сатылады. Сондықтан экспорт ауқымын кеңейту мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

Арман Есмұрзин, серіктестік директоры:

– Малды өткізу жағынан еш мәселе жоқ. Тек экспортты ұлғайту үшін жаңа нарыққа кірудің өз қиындықтары бар. Мәселен, біз Ресей, Өзбекстанмен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Енді Иран, Қытай елдеріне шықсақ дейміз. Алайда Қытаймен ветеринарлық сертификат келісіміне әлі қол жеткізілген жоқ. Бұл біздің негізі өткізу нарығымыз болады.

Хабар 24 телеарнасы