389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев Алматы тұрғындарына арнайы видеоүндеу жасады

  • 426
  • UPD: 10:02, 01.07.2019
Бақытжан Сағынтаев Алматы тұрғындарына арнайы видеоүндеу жасады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына видеоүндеу жасады.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Алматыны әр тұрғыны берекелі өмір сүретін, қауіпсіз де қолайлы, заманға сай мегаполиске айналдыру менің мақсатым», деді қаланың жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев.

«Сіздердің талап-тілектеріңізді, уақыты жауап беру мен үшін маңызды. Қаланың проблемалары мен даму стратегиясын сіздермен бірге ашық талқылағым келеді: Сіздермен ашық байланыс орнату үшін Facebook, Twitter, Instagram желілерінде тіркелдім», - деді Сағынтаев қала тұрғындарына жасаған арнайы видео-үндеуінде.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Сағынтаев Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінде болған еді. Ол әкімшілік басшысы қызметін 2019 жылдың 24 наурызынан бастап атқарды

Хабар 24 телеарнасы