384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада отшашуға бөлінген қаржы Арысқа аударылады

  • 310
  • UPD: 15:13, 01.07.2019
Астанада отшашуға бөлінген қаржы Арысқа аударылады

Елорда күніне орай отшашуға бөлінген қаржы Арыс қаласының тұрғындарын қолдау қорына аударылады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды. Жалпы, бас қаланың туған күніне орай бұрын 300-ге жуық іс-шара өтетін еді. Биыл оның саны 3 есе қысқартылды. Сәйкесінше шығын да азайды. Қаланың әр жерінде ұйымдастырылатын 100 шараның 70-тен астамын тегін тамашалауға болады. Биыл Open Air секілді ірі шаралар өтпейді. Ашық аспан астындағы гала-концерт те мерекелік бағдарламадан алынып тасталған. Шетелдерден әншілер шақырылмайды. Есесіне қаланың бірнеше алаңда шағын концерттер ұйымдастырылады. Мәдени-спорттық шаралар қала шетіндегі шағын аудандарда да өтеді.

Айта кетейік, елордадағы мерекелік шараларды арыстық 200 бала тамашалайды.

Хабар 24 телеарнасы