384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы кредитті өтеу туралы жарлыққа қатысты пікір білдірді

  • 189
  • UPD: 15:14, 01.07.2019
Сарапшы кредитті өтеу туралы жарлыққа қатысты пікір білдірді

Несиені кешіру туралы президент жарлығы әл-ауқаты төмен отбасылардың экономикалық жағдайын түбегейлі өзгертпейтіні анық.

«Бірақ мұның өзі мемлекет тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндік», – дейді экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Махмұтова. 

Меруерт Махмұтова, экономика ғылымдарының кандидаты:

– Себебі, бұл банктерде «үмітсіз» дейтін қаржылар болады. Олар 90 күннен асып кеткен. Сондықтан ол банктер несиені өздерінің пайдасы үшін жабу керек. Оны бюджеттің арқасында жауып жатыр. Сондықтан банктерге жәрдем, екінші жағынан, одан з пайданы көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, кірістері төмен отбасылар көреді.

Хабар 24 телеарнасы