384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армениялық сарапшы: Тұрғындардың несиесін кешіру – дұрыс шешім

  • 151
  • UPD: 16:09, 01.07.2019

Шетелдік сарапшылар Қазақстан президентінің тұрғындардың несиелік жағдайын жеңілдету туралы шарасына қолдауын білдіріп жатыр.

Армениядағы экономикалық зерттеулер орталығының жетекшісі Ашот Тавадян бұл шешімді елдің ақша-несие саясатымен бірге қарастыру керек деген пікірде. Сарапшы сондай-ақ Қазақстанның қазіргі мәселесін Армения елі де бастан кешіп жатқанын айтады. 

Ашот Тавадян, Армения экономикалық зерттеулер орталығының жетекшісі:

– Менің ойымша, несие беру мәселесін, оның ішінде кепілсіз қарыз беру тәртібін реттеу қажет. Ал президент осындай өзекті мәселені кешенді түрде шешуге күш салуы өте орынды. Оны елдің ақша-несие саясатымен бірге қарастырса, тіпті тиімді болар еді. Қазақстан басшылығы мәселені осы тұрғыдан қарастыратын шығар деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы