384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде грант пен шәкіртақы көбейеді

  • 162
  • UPD: 15:15, 01.07.2019
Ақтөбеде грант пен шәкіртақы көбейеді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың грант пен стипендияны көбейту туралы тапсырмасын ақтөбелік жастар зор қуанышпен қарсы алды.

«Көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін 5 мың гранттың бөлінуі зор әлеуметтік қолдау», – дейді олар. Ал өндіріске қажетті жұмысшы мамандығын меңгеріп жатқан студенттердің шәкіртақысын 30 процентке көбейту де зор қолдауға ие. «Бұның барлығы түптеп келгенде ел экономикасын арттырып, келешекті кемел етуге бағытталған игі шара», – дейді өскелең ұрпақ өкілдері. Бүгінде өңір тұрғындарының 24 пайызы 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Білім, медицина, спорт және кәсіпкерлік салаларында белсенділігі артып келеді. Әрдайым игі істердің басы-қасында жүретін еріктілер саны да өскен.     

Тарғын Жақыпов, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

– Қажет ететін мамандықтарға осындай стипендия бөлгенді өте қолдаймын. Өйткені бұл – жастарға үлкен мотивация. Олар өздерінің осы оқуларын бітіргеннен кейін жақсы маман иесі болуға, қоғамда белгілі бір тұлға ретінде қалыптасуға үлкен стимул болады. Әрі қарай Жастар жылында, келесі жылы да президентіміздің жастарға деген жобалары жүзеге асады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы