389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы Атакент аумағында көрме кешені пайда болады

  • 248
  • UPD: 16:06, 01.07.2019
2021 жылы Атакент аумағында көрме кешені пайда болады inform.kz

2021 жылдың соңына дейін Атакентте жаңа көрме кешені салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз MICE туризмінің дамуына көңіл бөлеміз (іскерлік туризм). Өткен жылы 14 агенттікке арналған БҰҰ Хабы ашылған болатын. Енді 2021 жылдың аяғына дейін Атакентте үлкен көрме кешені салынады деп жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттамасын жасап болдық. Келесі жылы бос аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады», - дейді Алматы қалалық туризм басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов.

Бұдан бұрын Алматы әкімдігі мегаполисте жыл сайын 50-ден астам халықаралық іс-шара өткізілетінін ескеріп, соған байланысты түрлі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан.

Хабар 24 телеарнасы