389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кредит бойынша мемлекет өтейтін қарыз туралы деректер нақтыланып жатыр

  • 597
  • UPD: 20:37, 01.07.2019
Кредит бойынша мемлекет өтейтін қарыз туралы деректер нақтыланып жатыр

Мемлекет басшысының азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы жарлығына сәйкес, еліміз бойынша 243 мың адамның 300 мың теңге көлеміндегі берешегі толықтай, ал 197 мың азаматтікі ішінара жабылады.

Олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс. Қазір еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыған қатысты мәліметтерді нақтылап жатыр.

Еркінбек Әмірғалиев, ҚР ЕХӘҚМ заң қызметі  департаментінің директоры:

- Бұл мәліметтерді біз мемлекеттік бюро деген ұйымға береміз. Ол өз тарапынан екінші деңгейлі банктермен, қаржы ұйымдарымен ақпаратын алмаса отырып, тізімді қалыптастырады. Бізге бұл тізімді береді мемлекеттік орган ретінде. Берешектің заңдылық жағын Ұлттық банктің құзіретіне кіретіндіктен ҰБ қадағалауды жүзеге асырады.

Хабар 24 телеарнасы