388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Esquire» журналының табиғат аясындағы кезекті мерекесі өтті

  • 337
  • UPD: 21:48, 01.07.2019

Танымал журнал  биыл алтыншы жыл қатарынан өз оқырмандары мен қонақтарының басын қосты.

Дәстүрлі шараға  4 мың адам жиналған. Айта кету керек, билет сатудан түскен қаражаттың бір бөлігі Арыстағы ағайынға көмек ретінде аударылады.

Қазақстандағы ең танымал журнал «Esquire» өзінің дәстүрлі мерекесіне зиялы қауым өкілдерін, кино жұлдыздарды, медиа-тұлғалар мен блогерлерді шақырыпты. Биылғы  кездесудің форматы да ерекше. Мәселен, ұйымдастырушылар басылымның ең танымал айдарларын жаңғыртып, шынайы өмірде қолдануға мүмкіндік жасады.

Диана Снегина, «Esquire Kazakhstan» PR директоры:

- Қонақтарды ерекше бағдарламамыз таңғалдырды. Өте ауқымды түрде жасауға тырыстық. Пікір алмасатын орындар көп, белсенділік те жоғары болды. «Өмір ережесі» «Оқу» «Диалогтар» сияқты айдарлар шынайы көрініс тапты. Бұл «Esquire» журналының ең танымал айдарлары.

Табиғат аясында өткен мерекенің бағдарламасы жан жақты. Үлкендерден бөлек, балалар үшін де қызықты шаралар ұйымдастырылған. Қонақтар футбол ойнап, кеудешелерге сурет салып, сән дизайнымен айналысты. Сондай-ақ, шара аясында қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі де өтті. Онда осы маусымның ең сәнді бұйымдары келушілер назарына ұсынылды. Дәстүрлі шараның биылғы негізгі қонағы  ESTRADARADA тобы болды.

Артем Крылов, «Esquire Kazakhstan» бас редакторы:

- ESTRADARADA -бұл ерекше топ. Олар музыканы өздеріне де, аудиторияға да ұнамды ойнайды. Олардың өз бағыты бар. Ән мәтіндері ерекше. Оны екі жақт түсінуге болады. Музыкалық топтың біздің арнайы қонағымыз болуының да себебі осы.

«Esquire» басылымы – бұл тарихы терең ерлер журналы. Ең алғаш ол Чикагода жарық көрді. Қазақстандық оқырман журналды 2005 жылдан бері оқып келеді. Олар басылымды әдебиет пен сән әлеміндегі шынайы ұстанымы үшін жақсы көреді. Жаңа кездесулерді асыға күтетіні де сондықтан.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы