384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы Қарабалық ауданы мал басын арттырады

  • 164
  • UPD: 23:26, 01.07.2019

Қостанай облысындағы Қарабалық ауданы бордақылайтын мал басын биыл 20 мыңға жеткізбек.

Бір кезеңде осыншама ірі қара ұстап, семірту өңірде бұрын-соңды болмаған іс. Ірі инвестициялық жоба жүзеге асса шаруашылық айына 3 мың бас асыл тұқымды малды бордақылып, етін экспорттайтын болады.  

Жасыл шалғынды шұрайлы мына алқап, көк майсалы, оты мал Альпі тауларының етегіндегі керемет көріністі көз алдыңа әкелетіндей. Ал бұл Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы бордақылау алаңының мал жайылымы.Бес мың гектарға жуық  сым қоршау бөліктерінің ішінде ірі қара өз еркімен еркін жайылады.Ал бордақылау алаңының өзі бүтін бір ауылдың аумағын алып жатыр. Қазір мұнда 8 мың бас бағылымда тұр. Жыл аяғында оның саны 20 мыңға жеткізілмек.

Арман Есмурзин, серіктестік директоры:

- Қазір біз айына мың бас ірі қара сатамыз. Келесі айда екі мың бас өткізу жоспарланып отыр. Ал бордақылау алаңындағы мал санын 20 мыңға жеткізгенде ай сайын 3 мың ірі қараны етке жіберіп отыруға мүмкіндігіміз бар.

Жыл басынан бері  Қостанай облысы 700 тонна ет экспорттаған. Соның жартысына жуығы осы Қарабалықтағы бордақылау алаңына тиесілі. Негізінен олар Ресей мен Өзбекстанға өткізеді. Енді экспорт географиясын кеңейте түсуді көздеп отыр.

Арман Есмурзин, серіктестік директоры:

- Таяу күндері Иран, Қытай елдеріне шықсақ дейміз. Әзірге Қытаймен ветеринарлық сертификат келісіміне қол жеткізілген жоқ. Бұл біздің негізі өткізу нарығымыз болады.

Қарабалық ауданында шұжық, басқа да ет өнімдерін  шығаратын шағын өндіріс орындары аз емес. Олардың  өнімдерін Ресейдің көршілес аймақтарынан келіп алып кетеді екен. Енді сол кәсіпкерлердің  бірі  шағын цехын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Нұржан Өтегенов, Қарабалық ауданының әкімі:

- Күніне 2 мың тоннаға дейін тұшпара, дайын ет өнімдерін шығаратын сондай цех ашсам деген ойы бар. Бүгінгі таңда құжаттамалық сметасы дайындалып жатыр.002810 Ет өнімдерін шығару цехын қайта құрудағы ол кісінің жоспары да сол, негізі толық экспортқа бағытталған.

Биыл Қостанай облысы  сыртқа 3 мың тонна ет экспорттауы тиіс. Әзірге бұл міндет 22 процентке  қана орындалды. Ал енді Қарабалықтағы ірі инвестициялық жоба жүзеге асқанданда, бір өзі ғана ол жоспарды жүзеге асыруға қауқарды болады.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы