383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мал шаруашылығына 7 млрд теңге инвестиция тартылады

  • 128
  • UPD: 23:05, 01.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысының мал шаруашылығына биылдың өзінде 7 млрд теңге инвестиция тартылады.

Өңірге шетелден 4 мыңдай асылтұқымды ірі қара жеткізілмек. Шаруалардың алды бұл істі орындап та қойды. 

Солардың бірі Жоғарғы Бұрлық ауылының кәсіпкері «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 80 млн. теңге несие алып, Чехиядан симментал сиырларын сатып әкелген. 

- Вот базы были, вот базы мы проезжаем были, вот базы, это все развалены. И тут тоже зарвалены, но мы ее восстановили...

Вячеслав Клудкевич кезінде отбасымен Германияға көшіп кетіп, Қазақстанға қайтып оралған азамат. Қазір ол Жоғарғы Бұрлық ауылында мал ұстап, қаңырап қалған қораларды қалпына келтіріп жатыр. Екі апта бұрын шаруа Чехиядан 76 бас симментал сиырын сатып әкелді. 

Вячеслав Клудкевич, шаруа:

- Егінді көктемде салып, күзге дейін күту керек. Ал мал шаруашылығынан қысы-жазы пайда түседі. Күнде сүт тапсырамыз. Бұл біз үшін үлкен қолдау.

Шаруа қожалығында 60 адам еңбек етеді. Солардың бірі Асылбек Абраев. Өмір бойы Көкшетауда көпқабатты үйде тұрған ол қазір қалаға барғысы жоқ.

Асылбек Абраев, прораб:

- Мен қалада 20 жылдай тұрып қалдым. Сосын ауырып қалдым. Сосын бір кемпір айтты, «ауылға барсайшы» деп. Сол ауылға келіп, міне, денсаулығым бәрін түзеп алдым. Енді Славкамен малда жүрмін бірге.

Жайлауда жаңадан сиыр сауу орны пайда болды. Шаруа қожалығы күніне 1 мың тонна сүт тапсырады. Енді істің көзін тапқан кәсіпкер тауарлы - сүт фермасын салмақ.

Серік Салғарин, Айыртау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Мына жерде жер бөлінді. Соның документтерін жинап жатыр. 300 басқа молочный товарный ферма салынады. Современный инновационный, цифравизация бүкілін қолданып, бірінші ауданда сондай ферма салынайын деп жатыр.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Жаз. Жайлау. Қаладағы қарбаластан бір уақыт атқа мініп, тізгін тартып малдың басын қайырып келудің өзі бір ғанибет екен.

Биыл өңірде 2 мың малға арналған 3 заманауи тауарлы-сүт фермасы іске қосылады. Бұл қосымша 4,5 млрд теңге инвестиция. 

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы