384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында баламалы телехабар тарату желісі жұмысын тоқтатты

  • 159
  • UPD: 22:58, 01.07.2019
Алматы облысында баламалы телехабар тарату желісі жұмысын тоқтатты

Енді Жетісу өңірінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық эфирлік телерадио хабар тарату жүйесі іске қосылды.

Екі миллиондай тұрғыны бар Алматы облысы  толықтай цифрлы эфирге көшті. Өңірде 772 елді мекенді қамтитын  радиотелевизиялық 90 станция бой көтерді. Қазір облыс орталығындағы тұрғындар бейне және дыбыс сапасы жоғары 30 ға жуық арнаны көрсе,  алыс аймақтағылар отандық 15 арнаны тамашалай алады.

Қайсар Раздықов, «Қазтелерадио»АҚ Алматы облыстық филиалының директоры:

-  Егер телевизорлары жаңа болатын болса онда қондырғы керегі емес тек қана антена қосу керек болады. Ал егер телевизорлары ескілеу болатын болса онда қабылдағыш сатып алу керек. Ал қосу ол жерде қиын емес. Егер болмаса біздің коллцентрге звандап 193 нөміріне біз оларға ақпарат түрінде жеткізе аламыз.  

«Цифрлы телехабар тарату жобасы еліміздегі отандық телеарналардың үлесін ұлғайтып,ауыл және қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартады, сондай-ақ  ақпараттық ресурсқа қол жетімділікті қамтамасыз етеді» дейді мамандар. 

Салтанат Нұрахметова, облыстық БАҚ мониторинг бөлімінің басшысы:

 - Бұл бағытқа облыстық әкімшіліктен де ақпараттық қолдау көрсетілді.  Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында инфографиялық, ақпараттық модульдер орнатылған, көрнекі үгіт құралдар тегін қойылған. Сонымен қатар облыс көлемінде әлеуметтік көмек алатын кісілер бүгінгі күні мына қабылдағыш апаратурамен толық қамтылған деп есептеуге болады.

Елімізде балама  желіні өшіру жұмыстары кезең кезеңімен жүзеге асырылады. Өткен жылы Маңғыстау мен Жамбыл және Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы  толықтай цифрлы эфирге көшті. Қазіргі таңда елімізде 447 радиостанция іске қосылған. Оның 92-сі жаңадан салынса, 354-і қайта жаңғыртылды.  Цифрлы телехабар желісін енгізу жобасы 2021-ші жылы  аяқталады, дейді сала мамандары.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы