389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Kerama Marazzi компаниясы 30 жылдық мерейтойын атап өтті

  • 271
  • UPD: 23:29, 01.07.2019

Kerama Marazzi компаниясының құрылғанына биыл 30 жыл. Компания өз мерейтойын Алматыда атап өтті.

Kerama Marazzi Қазақстан нарығында 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде алуантүсті, нәзік, бірегей әрі заманауи топтамалар керамикалық өнімдердің сапасына ерекше көңіл бөлетін талғампаз тұтынушының талабынан шығып отыр. Мерекені дизайнерлер, танымал әншілер, кәсіпкерлер мен Kerama желісінің көптен бергі қолданушылары KINOPARK 11 IMAX ESENTAI кинотеатрында атап өтті.

Kerama Marazzi керамикалық тақтайшаларды шығаратын ресейлік беделді компаниялардың бірі. Жылына 35 миллион шаршы метр өнім өндіреді. «Испаниялық Фиеста», «Екі Венеция», «Париж туралы армандар». Бұл коллекциялар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, әсіресе қазақстандықтарға өте қатты ұнаған.

Сергей Кротюк, Kerama Marazzi бас директоры /Ресей/:

- Осы жылдар аралығында сәулетшілерге, дизайнерлерге және құрылысшыларға біздің өніммен жұмыс істеу тиімді екенін дәлелдедік.  Ең арзан немесе импорттық өнімді іздеу міндетті емес.

азіргі кезде Kerama Marazzi Европалық нарыққа қарай бейімделіп келеді. Ол компанияға жаңа бастамаларға жол ашып, жігерлендіреді. 

Күнсұлу Сайфиддинова, Kerama Marazzi Қазақстан бас директоры:

- Үлкен қалаларды бағындырсақ деген жоспарымыз бар. Үйлердің алдын безендіргіміз келеді. Бұл жұмыс көрініп тұрса, әдемі болса, білікті архитекторлар келсе екен дейміз. Қазір тұтынушылар өте талғампаз. Өзгеге емес, өзіне деген талабы да күшейді.  

Келесі топтамаларды жасауда дизайнерлер қандай шешімге келгенін  биыл көретін боламыз. Қазір кәсіби  мамандар керамикалық тақтайшалардың   жаңа түрлерін әзірлеуде. 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Владимир Бовкис

Хабар 24 телеарнасы