384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығысқазақстандықтар Арысқа 200 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін жөнелтпек

  • 154
  • UPD: 10:02, 02.07.2019

Шығысқазақстандықтар да Арыс тұрғындарына арнап 200 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін жинақтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарылыстан зардап шеккен жұртқа демеу беріп, қолда бар көмектерін көрсетуге өңір кәсіпкерлері, шаруалар мен қарапайым тұрғындар атсалысты. Осылайша, «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталғалы бері жалпы 170 тоннадан астам ұн, 30 тоннаға жуық күнбағыс майы, 3 тоннадай қант, 7 тоннадан астам түрлі-дәнді дақылдар жиналды. Қайырымдылық шарасына қатысушылар гигиеналық заттар мен киім-кешектер әкелуді де ұмытпаған. Өскемендегі штаб өкілдерінің айтуынша, ірі қоймаға топтастырылған тауарлар, жүк вагондары арқылы Арысқа жеткізіледі.

Әнуарбек Мұхтарханов, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Әр аудан әкімдері өз мүмкіндіктеріне қарай кәсіпкерлермен жұмыс істеді, мысалы Зайсан ауданы 37 тонна ұн алып келді, Глубокое ауданындағы шаруашылықтан Цыбенко деген кісі 1 тонна май алып келді ,қазір темір жол мекемесімен келісіп жатырмыз, 3-4 вагон алып, мына жерде тупик бар, осыған әкеліп, ертең бүрсігүні тиеп бітсек, арғы күні олға шығармыз.

 

Хабар 24 телеарнасы