384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтарға 115 түркістандық ерікті қол ұшын созуда

  • 146
  • UPD: 10:03, 02.07.2019

Түркістан қаласының тұрғындары да Арыстықтарға көмек қолын созуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті кәсіпкер Базарбай Мұсабековтың өзі жарылыстан зардап шеккендерге 20 млн теңгенің азық-түлігін жөнелтті. «Қайырымдылықты қайырлы іс» деп түсінетін өңір халқы арыстықтарға киім-кешегі мен көрпе-төсегін, енді бірі азық-түлігін ұсынып жатыр. Көмекке қарапайым халықтан бөлек, қолы ашық, жаны жомарт ел ағалары да бір кісідей атсалысуда. Жақсылық жасап жарысатын ағайын 20 тонна ұн, 20 тонна күріш, 20 тонна өсімдік майын, 10 тонна макарон, 5 тонна тұз және тағы басқа да қажетті азық-түлік түрлерін жинап, апат аймағына жіберді. Гуманитарлық көмек бейбіт күнде баспанасынан безіп, бас сауғалап кеткен ағайынға бөліп берілді. Қазіргі таңда, үйлеріне оралған арыстықтарға 115 түркістандық ерікті қол ұшын созуда. Олар 200-ге жуық адамды 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтып, бүлінген баспаналарын қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмек күн санап ұлғаюда. Қоймаға жиналған 270 тоннаға жуық қажетті азық-түлік пен киім-кешектің 198 тоннасы тұрғындарға берілді.

Базарбай Мұсабеков, кәсіпкер:

- Гуманитарлық көмектер беріліп жатыр. Ал енді мен де өзімнің жанұямның атынан мүмкіндігімше көмек көрсеттім. Шекер, күріш, макарон, өсімдік майы, ас тұзы деген сияқты ең қажетті 70 тонна азық-түлік жібердік. Бұнымен ғана шектеліп қалып жатқан жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы