388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақытжан Сағынтаев Алматыда атқарылатын жұмыс жоспарын бекітті

  • 280
  • UPD: 12:35, 02.07.2019

Алматы қаласының жаңа әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңес шаһардың жан-жақты дамуына атсалысатын ұйым. Оның құрамында Мәжіліс депуттары, саясаттанушылар, сарапшылар мен өз кәсібінің білікті мамандары бар. Олар қаланың экономикалық өркендеуіне, рухани өсуіне, мәдени дамуына арналған бағдарламаларды іске асыруға тікелей араласады. Кездесуде әкім қаладағы экологиялық әрі экономикалық, инфрақұрылым, жол-тасымалы, шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, мектептер мен балабақшалар санын арттыру жұмыстары қарқын алатынын айтты. Атқарылатын жұмыс жоспарын бекітті.

Рахман Алшанов, Алматы қ. Қоғамдық кеңес төрағасы:

- Жай ақпарат айтып, баяндама жасауды қою керек. Халықпен жұмыс істеу керек дегендей өте маңызды ой айтты. Осыған байланысты қоғамдық кеңестің орны ерекше деді. Керек кезде, піскен кезде жанып тұрған проблема болса, соны бірден қарауға шақырды. Өте орынды.

Хабар 24 телеарнасы