389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынуда

  • 365
  • UPD: 10:05, 02.07.2019

Қызылорда облысында мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында 3 балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бөбекжайлар 900 бүлдіршінді қабылдайтын болады. Аймақта балаларды арнайы бағдарламамен оқытатын мектепке дейінгі мекемелермен қамту жоспары тұр. Қазіргі таңда өңірдегі 3 мыңнан астам мүгедек бала мен жасөспірімнің жартысы ғана мектеп пен балабақшаға барады. Бұл ретте аймақ педагогтары 2020 жылға дейін инклюзивті білім берумен қамту көрсеткішін 70%-ке жеткізуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндер мен өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы тәрбие беру мақсатында сурдопедагог, дефектолог және логопед мамандар көптеп әзірлену үстінде. Сондай-ақ балғындар балабақшаларда робототехника үйірмесіне қатыса алады.

Жанат Мұхамбетқалиева, балабақша меңгерушісі:

Қазір жазғы сауықтыру-шынықтыру кезеңі. Бұл кезеңде робототехника, робо-лего үйірмесі жұмыс жасайды. Сонымен қатар суретшілер үйірмесі бар. Үйірмеде арнайы маман жұмыс жасайды. Сонымен бірге хореографиялық би жетекшісінің үйірмесі, ән-би бұдан басқа ойын түрлеріне байланысты үйірмелер жұмыс жасайды. Үлгілі тәрбиеші, үлгілі балабақша номинациясы бойынша биылғы жылы үлкен жетістіктерге жеттік.

Берік Жәнібеков, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы

Бүгінгі таңда облыс бойынша 667 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Онда 61 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 72% жеке сектор үлесінде. Екі балабақша мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында салынып, жұмыс жасауда.

Хабар 24 телеарнасы